Дональд Трамп әлемге сауда соғысын жариялады

03.04.2025, 09:45
830
Дональд Трамп әлемге сауда соғысын жариялады Reuters / Melina Mara

Ол бұрын-соңды болмаған көлемде салықты көбейтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дональд Трамп өзінің екінші президенттік мерзіміндегі басты оқиғаға екі айдан астам дайындалғаннан кейін, бүкіл әлеммен сауда соғысын бастады. Ақ үйдің бағында өткен салтанатты жиында Трамп 2 сәуірді "Американың азаттық күні" деп жариялап, АҚШ-қа импортталатын тауарларға бұрын-соңды болмаған көлемде баж салығын енгізетінін мәлімдеді.

Трамптың ойынша, бұл сауда кедергілері АҚШ-тың қарсыластарын да, одақтастарын да оған экономикалық және аумақтық тұрғыда жеңілдіктер жасауға мәжбүрлейді. Алайда экономистер бұл шешімнің салдары барлығына, соның ішінде қарапайым америкалықтарға да қиындық әкелетінін ескертіп отыр. Себебі импортқа салынған салықтарды түптеп келгенде тұтынушылардың өздері төлейді.

"Бүгін – Азаттық күні! Бұл – АҚШ тарихындағы ең маңызды күндердің бірі, бұл – Американың экономикалық тәуелсіздігін жариялау күні. Біз Американы қайтадан ұлы және бай елге айналдырамыз. Біздің елді 50 жылдан астам уақыт бойы тонады. Бұған енді жол бермейміз!" – деп мәлімдеді Трамп.

Жаңа тарифтер:

Қытайға – 34%
Еуроодаққа – 20%
Жапонияға – 24%
Үндістанға – 26%

Кедей елдер көбінесе бюджет кірісінің басым бөлігін импорттық салықтардан алады, ал дамыған мемлекеттер, керісінше, төмен тарифтерді ұстайды. Бірақ Трамптың жаңа шешімінен кейін АҚШ енді Вьетнам, Мьянма сияқты дамушы елдерден импортталатын тауарларға 50% баж салығын енгізбек.

Ешбір мемлекет бұл салықтардан тыс қалмайды – ең төменгі базалық тариф 10% деңгейінде болады. Жалпы импорттық салық 5 сәуірден бастап, ал жоғары баж салықтары 9 сәуірден бастап күшіне енеді.

Алайда, Трамптың тарифтік саясатында кез келген сәтте өзгеріс болуы мүмкін. Бұған дейін де ол бірнеше рет өз шешімдерін өзгерткен. Ол жаңа баж салығына наразы елдерге: "Егер ұнамаса – өздеріңнің тарифтеріңді алып тастаңдар, сонда сөйлесеміз", – деп жауап берді. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды