Енді Перизат Қайратпен бірге анасы да сотталуы мүмкін
Перизат қайырымдылықтан жиналған ақшаларды заңдастыруға анасы көмектескен болуы мүмкін дейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перизат Қайратқа қатысты істі тергеу аяқталды. Оның анасы Ғайни Алашбаеваны да соттағалы жатыр.
Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Жалпы 3,5 млрд теңге шығын келтірілген. Іс бойынша бір ғана сотталушы емес. Одан бөлек анасы бар. Ол кісі үйқамақта отыр. Екеуі де күдікті ретінде танылды. Анасының үстінен “алаяқтық” бабы бойынша іс қозғалды. Сонымен қатар, ақшаны жылыстату бабы бойынша күдікті. Ол қызына көмектесіп, түскен ақшаны өз шотына аударып отырған, дейді Елемесов.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші