Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартты

03.04.2025, 14:50
1453
Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартты коллаж kursiv.media

Бір жарым жылдың ішінде қомақты сома жиналды дейді Назым Қаһарман.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларына алимент төлеуден бас тартты. Бұл туралы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман мәлім етті.

Бұрынғы күйеуінің туысының сынына жауап ретінде Назым әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі жайлы тараған қауесеттерге тоқтау салғысы келетінін айтты. Оның айтуынша, соңғы кездері өзіне қатысты жалған ақпараттар көп таралып кеткен.

Назым Қахарман былтыр балаларының демалысына және психологқа төленбегенін айтып, бұған қатысты барлық түбіртектерді жинап, адвокат Ғазымжановқа жолдағанын мәлімдеді.

Былтыр балалардың демалысы да, психолог қызметі де төленген жоқ. Барлық түбіртектерді жолдадым. Бір жарым жылдың ішінде қомақты сома жиналды. Бірақ адвокатқа жібергеніме қарамастан, оны елемей қойды, дейді Назым.

Назымның айтуынша, тек демалыс пен психолог қызметі емес, тіпті дәрігерге қаралу мен дәрумен сатып алуға да ақша бөлінбеген. Сонымен қатар, 2020 жылы экс-күйеуі Бишімбаевпен ажырасу кезінде келісілген алиментті де үнемі еске салып отыруына тура келетінін айтады.

Маған үнемі еске салып отыруға тура келеді. Адвокат Баянға жаза беремін. Мысалы, бүгін – 28 наурыз. Осы күнге дейін наурыз айының алименті әлі түскен жоқ. Оларды тұрақты түрде аудара бастағандары тек өткен жылдың қараша-желтоқсан айларынан бастап қана, деді Назым.

Назымның бейнеүндеуінде экранда “30 наурызда Бишімбаевтар отбасының адвокаты маған хабарласып, алимент төлеуден толық бас тартқандарын айтты” деген жазба пайда болды. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды