460

«Күн ала бұлтты, жел»: 3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

«Күн ала бұлтты, жел»: 3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады.

Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі, оңтүстік-батысында найзағай соғады.

Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +15,+17°C, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Материал авторы