«Анасының көзінше басып өтті»: 7 жасар қызды басып өлтірген жүк көлігіне қатысты істің мән-жайы анықталды

Аиса Махамбет Редактор
03.04.2025, 16:55
1282
«Анасының көзінше басып өтті»: 7 жасар қызды басып өлтірген жүк көлігіне қатысты  істің мән-жайы анықталды бейнежазбадан алынған кадр

Кеше ғана жүк көлігінің жүргізушісі қыз баланы таптап, мерт қылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 2025 жылғы 2 сәуірде жүк көлігі жеті жасар қыз баланы таптап, мерт қылды. Қайғылы оқиға анасының көзінше болған.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы Бурундайская көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобусты көріп, кері шегінген. Осы мезетте, оны байқамаған жүк көлігі таптап кеткен.

"КТК" дерегінше, марқұмның туыстары автобус жүргізушісін ұстау керек деп есептейді.

"Ол баланы жолдан өткізіп жібермеді. Одан қорыққан бала, артқа қайтып жүк көлігінің астына түсті. Фураның жүргізушісі қызды байқамай, басып кетті",- деді марқұмның туысы Шухрат Ментеев.

Белгілі болғандай, 66 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынған. Ол 5 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Тергеушілер "абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ал, автобус жүргізушісінің кінәсі әлі дәлелдеуді қажет етеді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жаяу жүргіншілер жолағындағы алғашқы апат емес. Бұған дейін ересектерді де балаларды да қағып кеткен бірнеше оқиға тіркелген. Жергілікті тұрғындар бұл жерге бағдаршам орнатып, жол бойындағы шамдарды өзге жарық шамдарымен ауыстыруды сұрағандарын айтады, алайда өтініш еленбеген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды