«Негізсіз қымбат билеттер сатты»: Fly Arystan-ға қатысты тергеу жүріп жатыр

03.04.2025, 10:15
1333
«Негізсіз қымбат билеттер сатты»: Fly Arystan-ға қатысты тергеу жүріп жатыр flightsim.to

Компания билет бағасын негізсіз көтергені үшін айыпталмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған әуе компаниясының билет бағасын негізсіз көтергені анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті.

- Жуырда FlyArystan әуе компаниясына қатысты монополиялық жоғары баға мәселесі бойынша тергеу жүргізуді бастадық. Қазір тергеу жүріп жатыр, егер заңбұзушылықтар анықталса, тиісті шаралар қабылданады, - деді Болат Сәмбетов Сенат қабырғасында өткен іс-шарада.

Агенттік өкілінің мәлімдеуінше, аталған компанияға қатысты тергеу бұған дейін де жүргізілген.

- Монополиялық жоғары баға дегеніміз – белгілі бір бағыт бойынша, мысалы, Алматы немесе Шымкентке билет бағасының басқа компанияларға қарағанда айтарлықтай жоғары болуы. Біз алдымен компанияның нарықта үстемдік ету факторын анықтаймыз, яғни оның әділ бәсекеге әсер ету мүмкіндігін бағалаймыз. Егер компания нарықта үстемдік етіп, негізсіз жоғары баға белгілегені анықталса, онда монополиялық жоғары баға болып саналады, - дейді ол.

Сондай-ақ бәсекелестікті қорғау агенттігі басшысының орынбасары заңбұзушылық анықталған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылатынын айтты.

- Анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл айналымның 5%-ын құрайды, сондай-ақ негізсіз баға айырмасы тәркіленеді. Сонымен қатар, компанияға бағаны төмендету туралы нұсқама беріледі, - деп толықтырды Б. Сәмбетов.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Сенатта «Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды