Баходир Жалолов: «Ақшасын берсе, барлығымен күресемін»

03.04.2025, 16:27
4010
Баходир Жалолов: «Ақшасын берсе, барлығымен күресемін» коллаж Бірғаным Әлиқызы

Өзбекстандық боксшы қарсылас таңдамайтынын мәлімдеді.

3 сәуірде Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэль Нгамиссенгенің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл шарада екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалолов та сұрақтарға жауап берді.

Жалолов қарсылас таңдау мәселесіне қатысты пікірін білдірді:

«Мен қарсылас таңдаумен айналыспаймын. Маған кіммен шығу керектігін айтады, мен солармен рингке шығамын. Көпшілік менің әлсіз қарсыластармен бокстасатынымды айтып жатады. Қарсыластарды менеджерлер мен промоутерлер табады. Менде әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында ауысулар болып тұрады. Егер маған ақша төлесе, кез келгенімен бокстасуға дайынмын»,- деді боксшы. 

Айта кетерлік, бұған дейін спортшының бапкері Тулкин Киличев шәкіртінің әуесқойлар арасында да, кәсіпқой бокста да лайықты қарсыласы жоқ екенін айтқан еді.

«Шын айту керек, мен Баходирге кәсіпқой бокста қарсылас көріп тұрған жоқпын. Оған қазір біраз уақыт керек, кәсіпқой рингке толық бейімделуі тиіс. Барлығына құрметпен қараймын, бірақ Жалоловтай аяқпен жұмыс істейтін ешкім жоқ», - деген еді Киличев.

 

Мақала авторы: Бірғаным Әлиқызы

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды