Біреудің қаңсығы біреуге таңсық

24.11.2024, 19:30
1048
Біреудің қаңсығы біреуге таңсық olx.kz

Шекара асып келген көк жүзімнің келісі он-он бес мың теңгеге шықты.

Табиғи заңдылық тұрғысынан қарағанда, өзіңнің туып-өскен топырағыңда өнген тағамды ішіп-жеген пайдалы. Ал ит арқасы қияннан жеткізілген тағамдардың ағзаға пайдасы шамалы.

Қазақ өзінің жерінде жайылған малдың еті мен сүтінен, бидайынан, көкөнісі мен жемісінен жасалған тағамдарды жеген. Соның бәрі ұлттық тағамның түрлерін құраған. Онда дәмді астан бөлек жергілікті жемістерден алынған тәтті шырындар болды. Қант дегенді халқымыз жеген емес еді. Алғаш келген қанттың дәмін көрген қазақтар тыжырынып, түкіріп тастаған. Жалпы, халқымыздың дені сау болғаны ұлттық тағамдарға, даланың таза ауасына, мал соңындағы тынымсыз еңбекке байланысты болса керек.

Қазір заман басқа. Ұлттық тағам мәселесі шетке ысырылды. Жұрт алыселдерден келген жеміс-жидекке, шаян, креветка сияқты теңіз жәндіктеріне,қытырлақ-сытырлақ қалтаға салынған түсініксіз тағамдарға құмар. Мысалы, банан, апельсин, мандарин деген сияқты жемістерде қандай қасиет бар дейсіз? Өзіміздің қауын, жергілікті жидек түрлері, жергілікті жемістер, соның ішінде өзіміздің жүзіміміз олардан мың есе тәтті екені  рас. Бірақ біреудің қаңсығы біреуге таңсық деген сияқты, жұртымыз өзіміздікінен гөрі сырттың тамағына қарай жүгіреді. Бойға сіңімі де, дәмі де жоқ, ал құрамы күмәнді тағамды удай бағасына алып жейтін болды. Экономикалық қатынастардың аясында ондай нәрселер келе беретіні түсінікті. Келген тағамдар карантиндікзертханадан өтер, бірақ құрамы таза өнім деп ешкім кепілдік бере алмас. Ал халық тұтынбай қойса, ағылып келуі де тыйылатын болса керек.

Соңғы уақытта Қытай жақтан бері асып жатқан «Шайн мускат» деген жүзім жайлы ел ішінде сөз көбейді. Іші химикатқа толы екен, жеген адамдар ауырып жатыр деген әңгіме де тарады. Сонда да сүйегі жоқ, тәтті жүзім екен деп адамдар қымбатына қарамай алып жеп жүр. Суретіне қарасаңыз өзі ұсқыны да келіспей қалған жап-жасыл жеміс. Оның алдын да біздің құсайын, кәттақорған, бұқакөз, мускат, қара нимранг, кішміш, мадлен, жақұт деген сияқты жүзімдеріміздің әлгі «Шайн мускат» жүзімінен өлсе өлігі артық.

Әлеуметтік желілерде «Шайн мускат» жүзімі жайлы сөз көбейіп бара жатқан соң Ауыл шаруашылығы министрлігі оның құрамында зияндыхимикаттардың бар-жоғын тексеріпті. Карантиндік зиян нәрселер табылған жоқ деген қорытынды берген. Ол жүзімдегі нитрат мөлшері әр келісінде 13,7 миллиграммды құраған көрінеді. Бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткішекен.

Жүзімнің «Шайн мускат» сұрыбы Жапонияда жасалған екен. Кейін Корей мен Қытай елдерінде де өндіріле бастаған. Бізге келіп жатқаны Қытайда өсірілген болса керек.

«Шайн мускат» жүзімінің жарнамасы жақсы болған сияқты. Себебі ел ішінде хитке айналды, жұрттың бәрі алып жеуге құмартты. Бағасы да өте қымбат. Осы жүзім хит болдып жатқанда әлеуметтік желілерде адамдар бағасы Алматыда келісі бес мың теңге, Астанада он бір мың теңге, Қарағандыда он бес мың теңгеге шыққанын жазды. Кейбіреулер Астанада жеті мыңнан, Алматының кей жерінде төрт жарым мыңнан, кей жерінде жеті мыңнан тұрғанын да көріпті.  

Қалай болғанда да, Ауыл шаруашылығы министрлігі ойланбай алып жей беріңіздер дегенге келтіріп отыр. Дегенмен, шет елге нарық керек, ал бізге деніміздің саулығы мен басымыздың амандығы керек.

Қайдағы бір тағамның осыншалықты хит болатыны қызық. Жақында ғана «Дубай шоколады» деген бірдеңе шығып еді. Маклюбе, макаронс деген нәрселер де трендке айналған. Қоғамға еш пайдасы жоқ трендтер. Тек ақшамызды сыпырып алып кететін уақытша нәрселер. «Шайн мускат» жүзіміде сондай хит болып отыр. Өмірі жүзім көрмеген адам сияқтымыз.

Шет елдің өнімдерін алуға құмарлық басым. Сұйық шоколадқа бір малып алған құлпынайға есі кеткендер соның бір уысын мыңдаған теңгеге алып жатты. Адамдар Дубай шоколады дегеннің алақындай бір плитасын 25-30мың теңгеге алды.

«Шайн мускат» бастапқыда аса қымбат емес еді, үш-төрт мың теңгеден аспайтын. Ал жарнамасын қатырып, маркетинг жасап, танымал адамдардың ауыздарымен мақтатып қойған соң жұрт «Шайн мускат» қайдасың деп көшеге шықты. Сөйтіп бағасы бірден бес-алты есеге дейін шарықтап шыға келді. Ал жеп көргендер оның дімінің алып бара жатқан түгі жоқ екенін, су татыған бірдеңе екенін жазып жатты.

Білетіндер, осы жүзімнің Жапонияда немесе Оңтүстік Кореяда өндірілгені шынында өте тәтті, жағымды деп жазыпты. Ал қазір Қытайдан келіп жатқанына күдікпен қараушылар көп.

Шыны керек, қоғамымызда не болса соған ұрынып, өзге елдің түкке татымас нәрселеріне қыруар ақша шашу көбейген болар. Яғни өзгеге жем болып жүрміз. Жүзім деген өзімізде де көп емес пе? Шет елдің шоколадының өзіміздікінен қай жері артық?

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды