563

Елімізде апатты мектептер аз емес, жағдай мәз емес

Қазақстанда үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы ауылдық жерде орналасқан екен. Апаттық мектептердің де 76%-ы ауылдық елді мекендерде тіркелген.

Елімізде апатты мектептер аз емес, жағдай мәз емес
Reuters / Шамиль Жуматов

«Бүгінде үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы ауылдық жерде орналасқан. Көпшілігі Алматы және Түркістан облыстарында. Авариялық мектептердің 76%-ы да ауылдық елді мекендерде. Олар негізінен Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында», - деді О.Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, шағын жинақты мектептерде мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты бір педагог бірнеше пәнді оқытады. Әсіресе математика, физика, шет тілдері пәндерінде біліктілігі жоғары мамандар аз.

«Нәтижесінде бұл ең басты мәселе – ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқыту сапасының алшақтығына алып келді. Өңір әкімдіктері әртүрлі үйірмелер мен секциялардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейінмектептен тыс ұйымдардың комьюнити-орталықтарын немесе филиалдарын ашужұмысын аяқтауы қажет. Цифрлық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетке қосуды аяқтасын. Қажет болған жағдайда шалғай өңірлердегі желілерді тезірек жаңғырту үшін жеке байланыс операторларын тарту қажет», - деді Премьер-Министр.

 

Материал авторы