Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті

06.07.2025, 12:12
6038
Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті gov.kz

Қос министр экономикадан бастап энергетика мен технологияға дейінгі бірқатар салада ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рио-де-Жанейро қаласында өткен БРИКС саммиті аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Бразилия СІМ басшысы Мауро Виейра маңызды келіссөздер өткізді. Тараптар екіжақты байланысты күшейтуге мүдделі екенін білдіріп, саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтудің жолдарын талқылады.

Мұрат Нұртілеу Бразилияны Латын Америкасындағы басты стратегиялық серіктес ретінде атай келе, Қазақстан бұл мемлекетпен тұрақты әрі сенімді қатынас орнатуға ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл 32 жыл толып отыр.

– Бұл жылдар ішінде біз өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген байланыс қалыптастырдық. Қарым-қатынасымыз халықаралық аренада да, экономикалық бағытта да жүйелі дамып келеді, – деді министр.

2024 жылы Қазақстан мен Бразилия арасындағы тауар айналымы 257 млн доллардан асқан. Ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 88%-ға өсіп, 104,2 млн долларға жеткен. Бұл – тараптардың экономикалық әріптестікке деген қызығушылығы мен әлеуетінің нақты көрсеткіші.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, өнеркәсіп пен цифрлық технология салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға дайындық айтылды. Қазақстан тарапы тау-кен өндірісі, атом энергетикасы мен тыңайтқыш өндірісі бағыттарында серіктестікті ұсынды.

Министрлер сондай-ақ жаңартылатын энергия, цифрлық шешімдер мен инновациялық технологиялар бойынша тәжірибе алмасуға ниетті екендерін білдірді.

Халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық тақырыбы да назардан тыс қалмады. БҰҰ және өзге де көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тұрақты қолдау мен ортақ ұстанымдар атап өтілді.

Кездесу қорытындысында қос тарап БРИКС пен өзге де халықаралық алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін нақтылады. Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы Мауро Виейраны Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)