Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

06.07.2025, 12:48
8175
Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) instagram.com/sarieva.svetlana1, instagram.com/ruslan_berdenov

Ернар Жиембайдың анасы ұлының жақсылығын айтып, бейнежазба жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейін күдікті ретінде танылған Ернар Жиембайдың анасы Светлана Сариева алғаш рет мәлімдеме жасады.

Ол ұлының әрекетін жоққа шығармағанымен, оның бүкіл өмірін бір сәттік оқиғамен өлшеуге болмайтынын айтты.

– Мен Ернардың анасымын. Бұл сөзді айту – маған оңай емес. Иә, болған істі жасыра алмаймыз. Бірақ Ернар әрдайым жаны таза, жүрегі кең бала болды. Ол жетімдерге, қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, үнсіз көмектесіп жүретін. Оның жақсылығы туралы көпшілік біле бермейді, – деді Сариева.

Светлана Сариева ұлының жылдар бойы өзгелерге қамқорлық танытып келгенін айтып, оның адамгершілік қасиеттерін ескеруді сұрады.

– Бұл видео – сол көмектердің бір көрінісі ғана. Ернардың жүрегін түсініп, оның бұрынғы игі істерін назардан тыс қалдырмауға шақырамын. Мен баламның қайтадан елге адал қызмет ететініне сенемін. Қоғамда әділдікпен қатар мейірім де болса екен, – деді ол.

Айта кетейік, Руслан Берденовке шабуыл 21 сәуірде жасалды. Полиция күдіктіні дереу ұстағанын мәлімдеген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді