«Жаңбыр жауып жатыр, мен оны шақырдым» деп кез келген адам айта алады – министр

03.02.2025, 22:02
866
«Жаңбыр жауып жатыр, мен оны шақырдым» деп кез келген адам айта алады – министр «УӘДЕ» жобасы

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі - Нұржан Нұржігітов «Jibek Joly» телеарнасындағы «УӘДЕ»бағдарламасына сұхбат берді.

Министрдің айтуынша, ол 2023 жылдың желтоқсан айында блогер Алтай Айнабекпен кездесіп, оның ұсынғантехнологиясымен танысқан.

«Біріншіден, айтылған 2 млрд 600 млн текше метр су — арнайы гидропосттардан өткен су. Суды өлшейтін арнайы құралдар бар. Бірақ сол судың Аралға жетуі үшін оны реттеу қажет, дұрыс бөлу керек. Сондықтан бұл — нақты дерекке негізделген көрсеткіш» - деді министр.

Министр кез келген жаңа технология немесе әдістеме ғылыми негізде дәлелденуі тиіс екенін атап өтті.

«Екіншіден, мен ол жігітпен таныспын (Алтай Айнабек). 2023 жылдың желтоқсан айында ол менің қабылдауымда болды. Өз жобасын таныстырды. Сол кезде мен оған: «Бірінші өз әдісіңді көрсет, дәлелде», — деп айттым. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін біз: «Енді ғалымдарды қосайық», — дедік. Себебі әлеуметтік желіде «жаңбыр жауып жатыр, мен оны шақырдым» деп кез келген адам айта алады. Бірақ оны ғылыми түрде дәлелдеу керек. Сондықтан біз институттың ғалымдарын қосуға ұсыныс жасадық. Ғалымдар зерттеу жүргізсін дедік. Бірақ бұл жұмыс іске аспады. Ол қарсы болды деп айта алмаймын, бірақ бірге жұмыс істелмеді» - деді министр.

Алтай Айнабек қанша қаржы сұрады?

«Ақша туралы да әңгіме болды. Бірақ біз бірінші кезектеғылыми дәлелдемені талап еттік. Қазір нақты соманы есіметүсіре алмаймын, бірақ әңгіме 100-200 млн теңге көлеміндегіқаражат туралы болды» - деді Нұржан Нұржітов.

«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)