«Бір сырғаның құны – 158 млн»: Олигархтардан тәркіленген қымбат әшекейлер сатылымға қойылды

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2025, 16:42
414
«Бір сырғаның құны – 158 млн»: Олигархтардан тәркіленген қымбат әшекейлер сатылымға қойылды e-auction.e-qazyna.kz

Тәркіленген әшекейлер аукционға шығарылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайтарылған активтерді басқаратын компания 4-7 наурызда өтетін жаңа аукциондарды жариялады.

Аукционға қойылған мүліктердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаттары:

DE BEERS сырғалары – 158 млн теңге. Жалпы салмағы 6,06 карат болатын гауһар тастар. D түсті, F мөлдір тастар ерекше қашалған және бөлік 18К ақ алтыннан жасалған.

Van Cleef & Arpels алқасы – 55 миллион теңге. Ол 18 караттық ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат болатын гауһар тастармен безендірілген және брендтің қолтаңбасы бар.

YEPREM сақинасы – 14 миллион теңге. Эксклюзивті сақина 750 белгідегі ақ алтыннан жасалған, 85 гауһар таспен безендірілген.

Frank Muller жүзігі – 4 млн теңге. 750 белгідегі ақ-сары алтыннан жасалған, 58 гауһар таспен көмкерілген.

Chopard сырғалары – 2 990 747 теңге. Ақ алтыннан жасалған, 82 гауһар таспен және 2 інжумен көмкерілген.

Marco Bicego алқасы – 3 978 594 теңге. Алқа қашалған інжу-маржан, топаз, аквамарин, аметист, гранат және турмалинмен көмкерілген 750 белгідегі сары алтыннан жасалған.

Roberto Coin сақинасы - Capri Plus. 750 белгідегі ақ алтыннан жасалған, 185 гауһар таспен көмкерілген.

YEPREM сырғалары – 9 500 000 теңге. Декорация 750 белгідегі ақ алтыннан жасалған, гауһар тасты қосқанда жалпы тастардың саны 114.

Pasquale Bruni сырғасы – 4 282 234 теңге. 750 белгідегі сары алтыннан жасалған, 74 гауһар және ай тастарымен безендірілген.

Marco Bicego алқасы – 4 022 036 теңге. Әшекей гауһар тастармен, інжу-маржандармен, топаздармен, аквамаринмен, аметистпен және гранаттармен көмкерілген 750 белгідегі сары алтыннан жасалған.

Yana Jewellery сақинасы – 2 млн теңге. 750 белгідегі ақ алтыннан жасалған, 170 гауһар таспен және көгілдір түспен көмкерілген.

Constella білезігі – 1 340 000 теңге. 585 белгідегі ақ алтыннан жасалған, 254 гауһар таспен және 4 рубинмен безендірілген.

Аквамаринмен көмкерілген сақина – 1 930 433 теңге. 585 белгідегі ақ алтыннан жасалған, 246 гауһар таспен және аквамаринмен қапталған.

«Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды «Миллион ақша салса да, елене алмай жүр»: Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді «Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО) Енді eGov арқылы жеке дерегің тарап кеткенін білуге болады Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты Астанадағы элиталық тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін елден кетіп қалғаны белгілі болды «Қазақпын, бірақ отаным – Ресей»: Ресейге жеңіс сыйлаған әлем чемпионы Салтанат Меденова мәлімдеме жасады Меруерт Түсіпбаева бірнеше жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайына алаңдады «Балалармен қатынасқа түскенін түсірген»: Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталды «Сотқа қатысудан бас тартты»: Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасы айтқан мәлімдемеге жауап берді «Бишімбаевтың әйелінің тағдырын қайталағым келмейді»: Ақтөбеде күйеуінің қолынан көз жұмған келіншектің хаты жарияланды Шерзаттың отбасы 5 банктен алған несиелері кешірілген Депутат Қазақстанда «күлкі шақыратын шарларға» тыйым салуды ұсынды Психдиспансерде санитарлар 17 жастағы емделуші қызды зорлаған «Дәрілерін мүлде ішпеген»: Журналист құлдықта болған қыздар жайлы сұмдық ақпарат айтты Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды «YouTube, X, TikTok, Instagram»: Түркия бірнеше танымал платформаны қолдануға шектеу қойды Шольц пен Макрон алдағы уақытта да Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді