Үй емес қауіп ошағы: «Чугунка» жатақханаларының апатты жағдайы

11.03.2025, 14:50
170
Үй емес қауіп ошағы: «Чугунка» жатақханаларының апатты жағдайы Tengrinews.kz

Астана қаласындағы «Чугунка» ауданындағы жатақханалар 1970 жылдары шойын-құю зауытының жұмысшыларына берілген еді. Бір кездері мыңдаған жұмысшыларға пана болған тұрғын үйлерден, бүгінде әбден тозып біткен қабырғалар ғана қалды.

Жатақхана ауласында серуендеп жүріп, құдды бір совет заманына түсіп кеткендейсің. Ғимараттардың төбесі терең жарықтармен көмкерілген, түзу қабырғалардың көлеңкесі де көрінбейді, едендегі плиткалар әбден қопарылып, қаншама қоқыс жиналып қалған. Кіреберістерде ылғалдылықтың иісі бұрқырап, ескі ағаш терезесінің жақтаулары әлдеқашан шіріп, сыңған терезелердің әйнектері картон қағаздармен жамалып тұр. Ғимараттың апатты жағдайына қарамастан, жергілікті тұрғындар соңғы он жылдықта, жатақханалардың сүрілуін немесе ең құрымағанда күрделі жөңдеу жұмыстарын күтуге мәжбүр.

Сурет: Tengrinews.kz

Шіріген батарейлерден жылу жүрмей, құбырлар тесіле бергендіктен, тұрғындар өзара ақылдасып, өз қаражаттарына жөңдеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Алайда уақытша мерзімге ғана тұратын үйлердің жағдайы еш өзгеріссіз.

- Біз көршілерімізбен әр шыққан мәселеге өз қалтамыздан ақша шығаруға мәжбүрміз. Бірде еден жарылады, бірде терезе сынады, жаңбыр жауса төбеден су ағып, еден шіри бастайды. Оның барлығын жөңдеуге әр отбасының жағдайы жете бермейді ғой. Алайда әркім өз подъездын, өзі қамтамасыз етпесе, үкіметтен көмек жоқ, - деп шағымданды Гүлнұр Абишова.

Тұрғын үйлерде тұрақты мекенжайы жоқ азаматтар көп жүргендіктен, дәретханалар үнемі кілттеніп отырады. Ортақ душтар бірнеше жыл бұрын тек 1-2 үйлерде ғана салынды. Сондықтан көптеген тұрғындар үшін жуынудың бір ғана жолы, үйдің жанындағы “Айна-Су” моншасына бару.

- Қыста дәретханада аяздан құбырлар қатып қалса, жаз кезінде дем алу мүмкін емес.

Әкімдікке айтылған көптеген шағымдар мен өтініштерге қарамастан, жатақханалардағы жағдай өзгеріссіз тұр. Апатты үйлер назарсыз қалып, тек ойын алаңдары жаңартылып отырады. Күрделі жөндеу де, ғимараттарды бұзу туралы ресми растау да әлі жоқ. Кейбір отбасылар сапасы жақсырақ үйге көшуге тырысса да, елордамызда осындай қолжетімді бағамен балама баспана табу оңай емес.

Тұрғын үйді жөндеу ‒ біреудің қалауы емес, кезек күттірмейтін қажет­тілік. Тірек құрылымның, іргетас­тың, қабырғалардың елеулі деформация­сы пайда болған сәттен үй апатты жағдайда және тұруға жарамсыз. Сол секілді тозу деңгейі жоғары, яғни 65-70 пайызға дейін баратын үйлер тиісті жөндеуден өтіп, кейіннен үнемі техникалық бақылауда болуға тиіс. Бұл ретте елімізде тұрғын үй қорын жаңарту бойынша атқарылар шаруа ауқымды. Реновация туралы шешім қабылдау кезінде ғимараттардың ауданы, тозу деңгейі, маңайда әлеуметтік нысандардың болуы ескеріледі. Үкімет­тің жоспарына сәйкес, 2029 жылға дейін республикада 1 500 үй сүрілуге тиіс. Осылайша 40 мың меншік иесінің пәтер мәселесі шешілмек. Олардың басым бөлігі – сүрілуге жататын тізімге енген ескі үйлер.

Астана әкімдігінің ресми сайтындағы соңғы жаңалықтарға сүйенсек:

Реновация бағдарламасына бірқатар инвесторлар тартылып, тиісті жұмыстар басталды. Байқоңыр ауданы әкімдігінің кәсіпкерлері мен өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, осы жұмыстардың ауқымдылығын талқылады.

– Ескі тұрғын үй мәселесін шешуде кәсіпкерлердің әлеуетін жұмылдыру және жеке құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру қажет. Осылайша, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй мәселелері бірлескен күш-жігермен шешілетін болады. Нәтижесінде қаланың орталық бөлігімен бірге оның шеті де дамиды, тиісінше қаланың ескі бөлігінің келбеті де өзгереді, - деп түсіндірді астаналық Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Сурет: Gov.kz

Орындаушы Ахметов Ербол Шәріпбекұлы, бұзу бөлімінің бас маманы ресми жауабында:

– Тұрғын үйді апатты деп тану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен қазіргі уақытта 2023- 2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы шеңберінде 4 710 пәтерге арналған 206 апатты үйдің тізбесі қалыптастырылды. «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің ұсынысы бойынша Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан № 6 тұрғын үй 2027 жылы қоныс аударуға жатады.

Жоғарыда көрсетілген тізбе аудан әкімдіктерімен, уәкілетті ұйымдармен келісілген және Астана қаласының әкімі бекіткен, тұрғындарды көшіру және Апатты үйлерді бұзу бекітілген тізбе шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес меншік иелерінің құқық белгілейтін құжаттары негізінде жүзеге асырылады. 2023-2029 жылдарға бұзуға жататын апатты үйлердің тізбесі «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ сайтында жарияланды, олармен сілтеме бойынша танысуға болады, - деп хабарлайды.

Жатақхана тұрғындарын көшіру «квадратқа – квадрат» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, яғни жаңа баспананың ауданы бұрынғы тұрғын үйдің ауданына тең болады. Сондай-ақ көшіру кезінде бөлме саны мен тұрғындар саны ескеріліп, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер беріледі. Қоныс аудару бекітілген апатты үйлер тізіміне сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар әкімдіктің жауабында жатақхана сүрілгеннен кейін, бұл аумақта қандай нысандар бой көтеретіні нақтыланбаған. Тек қайта жаңарту аудандарының шекараларында босатылған аумақтарды кешенді салу, Астана қаласының Бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес жүзеге асырылатыны айтылған. Демек, жаңартылған жерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар немесе коммерциялық ғимараттар салынуы мүмкін.

Құжатта тұрғындардың өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті күтіп-ұстау міндеті бар екені де көрсетілген. Сәйкесінше, 2027 жылға дейін жатақханадағы кез келген жөндеу жұмыстары тұрғындардың өз қаражатынан жүргізілетінін білдіреді. Осылайша, жатақхананың сүрілу мерзімі нақтыланғанымен, бұл кемінде екі жылдан кейін ғана жүзеге аспақ. Бұл жерде ең маңыздысы ‒ тозығы жеткен және лайық­ты өмір сүруге жарамсыз тұрғын үй проблемасы халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсер ететінін ескеру.

 

Авторы: Дәрия Жандосқызы

«Уақытылы ұйықтамағанның кесірі»: Танымал әнші ауыр жол апатынан аман қалғанын жеткізді Бакуде жарақат алған алматылық қызға әзірбайжандар тегін көмек көрсеткен Әйгілі актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті Алматыда Жириновскийдің 80 жылдығына орай ескерткіш орнатылады – Ресейлік БАҚ Робот сот орындаушысы жобасы 600 млн теңге үнемдеген Алименттен қашқан қазақстандықтарға қандай шара қолданылды? «Әр азаматтың қалтасында заң консультанты болады» - Талғат Уәли Әділет органдарының қызметі: алимент өндіру және борышкерлермен жұмыс Үй емес қауіп ошағы: «Чугунка» жатақханаларының апатты жағдайы «Әкімдер ерекше бақылауға алсын!»: Бектенов су тасқынына қатысты тапсырма берді «Теріс әсері болмады»: Үкіметте бірыңғай уақыт белдеуі халыққа кері әсер етпегені айтылды «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды Атырауда бард Табылды Досымовтың ескі «Волгасы» реставрациядан өткізіледі «Нағашы ата-әжесіне немере»: Жанар Айжанова немере мен жиен түсінігі туралы Баспаналы болған Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова халыққа алғысын айтты Facebook-те ақша бопсалаған блогер қамауға алынды Жаркентте жер сілкінді Гинекологтар науқастан 19 литр киста алып тастады «Дауылды ескерту»: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Танымал айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті