1166

Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады

Тоқаев Путиннің шақыртуымен Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.

Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

Материал авторы