«5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды

Азиз Қалижан Редактор
08.05.2025, 16:34
1271
«5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды бейнежазбадан

«Қазақтың Робин Гуды» сәбидің еміне жиналған қаржыны бермей қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевке қатысты тағы бір дау шықты. Бұл жолы ол 5 айлық зағип сәбидің еміне жиналған қаражатты толық бермеді деген айып тағылып отыр.

Журналист Руслан Өтепбайдың айтуынша, Ілияс Сариев 2024 жылы екі көзі көрмейтін сәби үшін халықтан 15 миллион теңге жинау мақсатында қайырымдылық акциясын бастаған. Мақсат — баланы Түркияда емдету. Алайда жиналған қаржы ата-ананың қолына толықтай жетпеген.

— Ілияс ата-анасына «ақша жиналды, Түркияға бара беріңіздер» деп сендірген. Бірақ қаражатты аудармаған. Сәбидің әжесі Раушан ханым немересін алып, Түркияға өз қаражатына аттануға мәжбүр болды. Тек бесінші күні ғана Ілияс 3 миллион теңге аударған. Ал қалған сома берілмеген соң, бала қажетті ем-домды толық ала алмай елге қайтты, — дейді журналист.

Бұл жағдай — Сариевке қатысты шыққан алғашқы дау емес. Бұған дейін де ол бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке іліккен.

— Ілияс Сариевке қатысты бірнеше азаматтан ресми шағым түсті. Қазіргі уақытта ол алаяқтық фактісі бойынша ұсталған. Тергеу амалдары жүріп жатыр, — деп жазды журналист Жанболат Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Ілияс Сариев бұған дейін «Қазақтың Робин Гуды» атанып, түрлі қайырымдылық жобаларымен танылған еді. Алайда соңғы уақытта оның әрекеттеріне қатысты сын күшейіп, қоғамда үлкен дау туғызды.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді