Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр

08.05.2025, 09:46
986
Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Kerem Uzel/Bloomberg

Гривнаның негізгі тірек валютасы ретінде доллардан бас тартпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Украина ұлттық валютасы гривнаның негізгі тірек валютасы ретінде доллардан бас тартып, еуроға көшу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің төрағасы Андрей Пышный мәлімдеді.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында Пышный Украина Еуропалық одаққа кіруді жоспарлап отырғанын, ЕО-тың елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөлінің артып келе жатқанын, сондай-ақ жаһандық нарықтардағы құбылмалылық пен әлемдік сауданың фрагментация қаупін ескере отырып, гривнаның негізгі тірек валютасы ретінде доллардың орнын еуро басуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Украинада барлық валюта нарықтарында АҚШ долларымен операциялар басымдыққа ие болғанымен, еуромен жасалатын операциялардың үлесі де біртіндеп өсіп келеді, алайда әзірге айтарлықтай емес.

– Соғыстың тез аяқталуы, егер ол Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерімен қатар жүретін болса, сөзсіз экономикалық жағынан оң нәтижелер беретін сценарий болар еді. Алайда соғыстың аяқталуынан туындайтын барлық экономикалық артықшылықтардың толық іске асуы үшін уақыт қажет болатынын да ескерген жөн, – деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль үкімет отырысында сөйлеген сөзінде, ел экономикасы толыққанды соғыс жағдайына қарамастан, біртіндеп қалпына келе бастағанын атап өтті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды