Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады

08.05.2025, 13:31
1120
Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады бейнежазбадан

Орын саны шектеулі болды дейді әкімдік.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 7 мамырдағы Жеңіс парадында болған жағымсыз жағдайға байланысты тыл еңбеккері, профессор Теңдік Исақовтан ресми түрде кешірім сұралды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов ардагер мен оның отбасымен кездесіп, жылдар бойғы еңбегі үшін алғыстарын білдіріп, 7 мамыр күні парад трибунасына өте алмағаны үшін кешірім айтты.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, парадқа өту арнайы тізім бойынша жүзеге асқан. Ардагерлердің жасы мен орын санының шектеулі болуына байланысты тізім тек тікелей туыстарынан келіп түскен өтініштер негізінде жасалған. Бұл парадқа елдің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері шақырылған. Алайда Теңдік Исақовтың отбасы тарапынан ондай өтініш келіп түспегені айтылды.

Әкімдік Теңдік Исақов пен оның туыстарына болған жағдайға шын жүректен кешірім сұрап, ардагерді 9 мамырда өтетін гүл шоқтарын қою салтанатына арнайы шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та ардагерді Жеңіс парадына кіргізбегені туралы ақпарат тараған болатын.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды