Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды

08.05.2025, 18:48
1033
Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды бейнежазбадан

«Атырау» футбол клубы құрбандық шалса да, сәттілік келмеді.

Футболда тактика, дайындық пен шеберлік маңызды дейді. Бірақ «Атырау» футбол клубы бұл жолы мүлде басқа әдіске жүгінді: олар кезекті жеңілістен құтылу үшін матч алдында қойды құрбандыққа шалды. Қысқаша айтқанда — доп емес, дәстүр тепті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Премьер-лигасындағы кезекті ойында «Ордабасыға» қарсы алаңға шығатын «Атырау» командасы бірінен соң бірі тізілген жеті жеңілістен кейін, жеңілістердің «көзін байлау» үшін рәсім жасап, сәттілік шақырмақ болған.

«Тіл-көзден аман болайық» деген ниетпен шалынған құрбандықтан кейін жанкүйерлер «енді бәрі өзгереді» деп үміттенген. Бірақ алаңда ешқандай ғажайып болмады: «Атырау» тағы да ұтылды — бұл жолы 1:2 есебімен.

Осылайша, команданың сегізінші жеңілісі тіркелді.

Көрермендер арасында «Қойды дұрыс шалмаған сияқты», «Футболдың құдайы ренжіп қалған ба екен?» деген әжуалы пікірлер де айтылып жатыр.

Қысқасы, құрбандық шалынғанымен, «Ордабасы» сәттілікті өзімен бірге ала келген сияқты. Ал «Атырауға» енді бапкер ауыстыра ма, әлде жаңа ритуал қолдана ма — бір шешім керек секілді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді