Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді

Азиз Қалижан Редактор
08.05.2025, 18:12
1219
Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді бейнежазбадан

Бір порциясын 250 теңгеден сатып жатқаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның шығысындағы Қоқан қаласында орналасқан бір мейрамханада келушілерге ерекше мәзір ұсыныла бастады — торғай еті. Бұл жайт жергілікті халық пен экологтар арасында наразылық туғызды.

Podrobno.uz мәліметінше, Ферғана облысындағы Қоқан қаласындағы қоғамдық тамақтану орны торғай етінен жасалған тағамды мәзірге енгізген. Бір порциясының бағасы шамамен 6 мың өзбек сомы (250 теңге шамасында).

Жергілікті тұрғындар бұл жаңалыққа таңданыс пен ашумен қараған. Дегенмен, бұл алғашқы жағдай емес: бұрын да Янгигурған ауылындағы бір дәмханада торғай еті ұсынылған.

Экологтар дабыл қағуда

Эколог мамандар торғайлардың экожүйедегі маңызды рөлін еске салып, бұл әрекеттің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті. Торғайлар зиянкес жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығын қорғайды.

Мамандардың айтуынша, бір торғай жұбы ай сайын 3 келіге дейін зиянкесті жойып отырады. Ал олардың саны азайса, зиянкес жәндіктер күрт көбейіп, егінге зор қауіп төндіреді. Бұл өз кезегінде аграрлық салаға елеулі залал келтіруі мүмкін.

Қысқасы, "құстың еті тойғызар" деп мәз болғандар, ертең зиянкестің кесірінен нансыз қалуы мүмкін.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген