«Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді

08.05.2025, 10:50
959
«Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді DifferR/shutterstock

АҚШ Алматыдан 70 593 шаршы метр жерді 49 жылға жалға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенат Алматы қаласынан АҚШ консулдығының құрылысы үшін жер телімін жалға беру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау жөніндегі заңды мақұлдады. Бұл келісім Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясынан кейін берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Құжатқа сәйкес, АҚШ Үкіметіне Алматы қаласынан 70 593 шаршы метр аумақ 49 жылға жалға беріледі. Сенат депутаты Амангелді Нұғмановтың айтуынша, бұл халықаралық дипломатиялық тәжірибеге толық сай келеді. Мәселен, Ұлыбритания КХДР елшілігіне, ал Гонконг АҚШ консулдығына ұзақ мерзімді — 999 жылдық жалға беру тәжірибесін қолданған. Яғни, бұл – сенімге негізделген және ұзақмерзімді ынтымақтастықтың қалыпты үлгісі.

Сенатор Нұғмановтың айтуынша, Алматыда ашылатын АҚШ-тың Бас консулдығының құрамында есірткімен күрес агенттігі мен АҚШ Сауда министрлігінің Қазақстандағы өкілдігі жұмыс істейтін болады. Бұл мекемелер америкалық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуына көмектесіп, екі ел арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді.

Келісімде жалға беру шарттары нақты жазылған. Жалға алу құны — 25 миллион АҚШ доллары. Бұл сома келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде толық төленеді. Сонымен қатар, АҚШ тарапы жер телімі мен консулдыққа қатысты барлық салық пен басқа да төлемдерден босатылады. Консулдықтың құрылысы, жөндеуі, коммуналдық шығындары мен техникалық қызмет көрсету толықтай АҚШ үкіметінің есебінен қаржыландырылады. Ал нысанды жабдықтау мен жиһазбен қамту үшін қажетті барлық тауарлар мен материалдар кедендік баж салығынан және рұқсат рәсімдерінен босатылады.

Келісімде тағы бір маңызды тармақ бар — АҚШ тарапы келісім ратификацияланған соң, Қазақстанның Хьюстон қаласында Бас консулдық ашуына рұқсат береді. Бұл қала – жасанды интеллект, энергетика, медицина және инновация салаларындағы ірі орталық саналады.

— Хьюстондағы консулдық қазақ диаспорасы үшін де маңызды. Онда консулдық және нотариалдық қызметтерге қолжетімділік артады. Сонымен бірге, бұл қадам инвестициялық ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға жол ашады. Алматыдағы АҚШ консулдығы Орталық Азиядағы ең ірі визалық орталыққа айналмақ. Бұл еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелдік инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қызмет көрсету саласының дамуына серпін береді, — деді Амангелді Нұғманов.

Сөз соңында сенатор бұл келісімді ратификациялау арқылы халықаралық серіктестердің Қазақстанға деген сенімі нығая түсетінін атап өтті.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды