3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады

08.05.2025, 16:03
1369
3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады AP nuotr

Түнде Ресей Украинаға авиабомбалармен шабуылдап, бейбіт тұрғындар қаза болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин 9 мамыр – Жеңіс күніне орай үш күндік біржақты бітім жариялағанымен, Украинада соғыс әрекеттері тоқтаған жоқ. Бұл туралы Украина Қарулы күштері мен аймақтық билік өкілдері мәлімдеді.

Украина Әуе күштері қолбасшылығының мәліметінше, 8 мамыр таңына дейін Ресей тарапынан зымыран немесе дрон арқылы шабуыл болмаған. Алайда түнде Ресей тактикалық авиация арқылы Сум облысына басқарылатын авиабомбалармен соққы берген. Нәтижесінде әйел қаза тауып, оның ұлы жарақат алды, тағы бір 70 жастағы әйел зардап шекті. Бірнеше тұрғын үйде өрт шыққан.

Сол күні таңертең Харьков облысында ресейлік дрон азаматтық көлікке соққы жасап, үш әйел жарақат алды.

"Хортица" жедел-стратегиялық топ өкілі, майор Виктор Трегубовтың айтуынша, "Путиннің үш күндік бітімі" жарияланғанына қарамастан, Ресей әскері Донецк облысында – Покровск, Торецк, Лиман, Новопавловка бағыттарында шабуылдарын жалғастырып жатыр.

— Қазіргі таңда Украина әскері қорғаныс ұрыстарын жүргізіп жатыр. Ресей әскері Покровск – Константиновка тас жолының бойындағы аудандарға шабуылдап, бұл бағыттағы логистиканы бұзуға тырысуда. Жалпы алғанда, соңғы тәулікте 65 ұрыс қақтығысы тіркелді. Бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда азырақ, бірақ дәл осы бағыт – қазіргі майдандағы ең белсенді нүкте, — деді Трегубов.

Оның сөзінше, ресейліктер "бітім" жарияланған соң да Лиман, Волчанск, Краматорск, Часов Яр, Торецк, Щербинка мен Новопавловка бағыттарында шабуылын тоқтатпаған.

— Олар өздері жариялаған бітімді сақтап жатқан жоқ. Бұл майдан шебінде де, тылда да сезілмейді, — деді ол.

Украина президенті Владимир Зеленский 7 мамыр кешкісін ресейлік агрессияны тоқтату – уақыт еншісіндегі мәселе екенін айтты. Ол Киевтің 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысы күшінде екенін, бұл дипломатияға мүмкіндік беруі мүмкін екенін еске салды.

Бұған дейін Зеленский Путин ұсынған бітімді «үлкен сахналық қойылым» деп атаған болатын. Өйткені дәл осындай «пасхалық бітім» кезінде де Ресей шабуылдарын жалғастырып, бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар да қаза тапқан еді.

Сонымен қатар Ресейдің Көлік министрлігі 7 мамырдағы украин дрондарының жаппай шабуылынан кейін Мәскеу маңындағы әуежайлар қалыпты режимге қайта көшкенін хабарлады. Бейсенбіге қарай ресейлік авиакомпаниялар әдеттегі рейс кестесіне оралады деп күтілуде.

Росавиация 8 мамыр таңында уақытша шектеулер енгізген бірнеше өңірлік әуежайлар — Нижний Новгород, Новокузнецк, Иваново және Ярославльде қазір тұрақтылық орнап отыр. Ал украин дрондарының жаңа шабуылдары туралы ресми ақпарат жоқ.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді