«Әр азаматтың қалтасында заң консультанты болады» - Талғат Уәли

11.03.2025, 15:31
549
«Әр азаматтың қалтасында заң консультанты болады» - Талғат Уәли жасанды интеллект

Кез келген мемлекетте азамат үкімет бекіткен заңға бағынып, оны бұзған жағдайда тиісті жазасын алып жатады. Кей кезде азаматтар өздерінің құқықтарына байланысты  адвокаттарға арқа сүйейтіні таңсық жайт емес.

Мысалы, әлемнің ілгері дамыған АҚШ секілді мемлекетте азаматтар DoNotPay атты "робот-заңгер" қосымшасына жүгінеді. Бұл қосымша негізінен:

– Айыппұлдарды даулауға,
– Ақша қайтаруға,
– Спамнан қорғануға,
– Сотқа шағым дайындауға көмектеседі.

"Заман түлкі болса, тазы боп шал" демекші. Қазір әлемде ЖИ-ге (Жасанды Интеллект) жаппай барлық салалардан ойып орын алуда. Осыған сай Қазақстан өзінің "Заң көмегі" атты қосымшасын даярлап, қажетті техникалық сынақтардан өтуде. Бұл жөнінде , ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли, сөзінде былай деді:

"Заң көмегі" мобильді қосымшасының негізінде азаматтарға құқықтық кеңес беруді қамтамасыз ететін жасанды интеллекті бар чат-бот әзірленді. Қазіргі уақытта сынақтан өткізіліп жатқан осы қосымшаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Қарапайым тілде айтқанда, әр азаматтың қалтасында (смартфонында) заң тұрғысынан көмек беретін заң консультанты болады."

Бұл қосымша алдағы уақытта қазақстандықтар үшін оңтайлы әрі iOS және Android платформаларында қолжетімді болмақ.

Автор: Марат  Батырхан

Ұлттық нақыштағы киім киген алматылық мысықтар көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО) Салмағы өзінен 2 есе ауыр қошқарды 100 рет көтерген әйел ерлерді басып озды «Барыс» клубының бас бапкері қанша айлық алатыны белгілі болды Қазақстан елшісі Мысыр президентіне сенім грамоталарын тапсырды Қызылорда облысында батпаққа батқан түйе құтқарылды Ақмарал Науатбек - Әлем кубогының жеңімпазы Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ұлттық спорттың болашағы: Жаңа форматтағы пікірсайыста қандай ұсыныстар айтылды? Бекет Ата жерасты мешіті табиғи газға қосылды «Қандай әңгіме айтсақ та, Путин соғысты тоқтатуы керек»: АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз өтті Құлсары маңында су тасқынына қарсы 4700 қап дайындалды 24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды «Миллион ақша салса да, елене алмай жүр»: Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді «Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО) Енді eGov арқылы жеке дерегің тарап кеткенін білуге болады Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты Астанадағы элиталық тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін елден кетіп қалғаны белгілі болды