Оқу мәдениеті: Кітап оқуға қызығушылық неге төмен, шешім қандай?

28.04.2025, 14:10
634
Оқу мәдениеті: Кітап оқуға қызығушылық неге төмен, шешім қандай? Азамат интеллектуалды бағдарламасы

Жақында елімізде 23 сәуір – Ұлттық кітап күні алғаш рет аталып өтті. Бұл жаңа мереке Мемлекет басшысының бастамасымен, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында белгіленді. Бұл күннің белгіленуі – қоғамда оқу мәдениетін көтеру қажеттілігінің нақты дәлелі.

Қоғамдық саясат институтының дерегіне сәйкес, әр төртінші қазақстандық қана кітап оқиды, ал олардың жылдық орташа көрсеткіші – бар болғаны 5 кітап. Бұл әлем елдерімен салыстырғанда өте төмен: Франция мен Канадада – 17, АҚШ-та – 12, Оңтүстік Кореяда – 11 кітап оқылады.

Мәселе тек оқырмандар санының аздығында емес. Қазақстандағы кітаптардың 90%-ы шетелде басылып, елімізге импортталады. 2021 жылы Ресейден 14,7 млн доллар көлемінде кітап өнімдері жеткізілген. Оныңүстіне, кітап дүкендеріндегі баға үстемесі 60–100%аралығында болып, кітаптардың қолжетімділігін одан әрітөмендетіп отыр.

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталғандай, халықтың 51%-ы кітап оқуға уақыты жоқтығын, 22,5%-ы қызықпайтынын айтқан. Мұндай тенденцияғабірнеше себеп бар: әлеуметтік желілер мен смартфонғатәуелділік, қазақ тіліндегі сапалы әдебиеттің аздығы,қағаз өндірісінің жоқтығы мен баспа инфрақұрылымыныңәлсіздігі және, әрине, кітап бағасының шарықтауы.

Жақында осы мәселелер «Азамат» интеллектуалды бағдарламасында кеңінен талқыланды. Жастар тек проблеманы айтып қана қоймай, нақты шешу жолдарында ұсынды. Олар атап өткен ұсыныстар қатарында:
кітап дүкендерін заманауи коворкинг форматындадамыту;
кітап бағасын субсидиялау арқылы қолжетімді ету;
оқу мәдениетін трендке айналдыру мақсатында әдебичеллендждер, марафондар өткізу және т.с.с.

Бұл ұсыныстар қоғамның оқу мәдениетін арттыру жолында нақты қадам бола алады. Жастардың бастамашылдығы мен жаңа көзқарасы – ел ертеңіне бейжай қарамайтын саналы буынның бар екенін көрсетті.

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – тек Үкіметтің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Себебі ұлттың болашағы – көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтыңқолында.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады