Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады

12.05.2025, 17:46
440
Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады «Азамат» жобасы

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу саласы қандай деңгейде? Бұл салада қандай мәселелер мен мүмкіндіктер бар? Экология мен экономика арасындағы байланыс қандай? Осы және өзге де өзекті сұрақтар «Хабар» телеарнасындағы «Азамат» интеллектуалды жобасының жаңа шығарылымында талқыланды.

Бағдарламада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Семей медицина университетінің студенттері пікірсайысқа түсіп, қалдықтарды қайта өңдеудің түрлі әдістерін, салалық проблемаларды және оларды шешудің кешенді жолдарын ұсынды. 

Алғаш болып сөз алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы Қазақстандағы қалдық өңдеу ісінің қазіргі жағдайын шетел тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты деректер келтірді. Айтуларынша, елімізде бүгінде 3000 жуық полигон бар, онда 125 миллион тоннадан астам қалдық жиналған. Ал жыл сайынбұл көрсеткішке шамамен 5 миллион тонна қосылып отырады. 2024 жылғы мәліметке сүйенсек, 4,1 миллион тонна қалдықтың тек 23,9%-ы ғана қайта өңделген. Олар шешім ретінде автоматтандырылған сұрыптау жүйелерін, химиялық өңдеу және биоқалдықтардан тыңайтқыш өндіру секілді заманауи технологияларды енгізуді ұсынды. Жапония, Германия, АҚШ пен Нидерландының озық компаниялары мысалға алынып, нақты сандар мен тиімділіктері тілге тиек етілді. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды тарту үшін салық жеңілдіктерін ұсыну, дипломатиялық деңгейде технологиялық әріптестік орнату қажеттігі айтылды.

Келесі сөз кезегін алған Семей медицина университетінің жастары мәселеге басқа қырынан қарады. Олар басты назарды — қалдықты кейін өңдеу емес, мүлде туындауына жол бермеуге аударды. «Жиналмаған жерден шашылмаған жер жақсы» деген қағиданы алға тартқан студенттер Тайынша ауылындағы BioOperations зауытының тәжірибесін үлгі ретінде ұсынды. Бұл кәсіпорын бидайдан биоэтанол өндіру процесінде қалдық қалдырмай, әр элементті пайдаға жаратады. Ұн, крахмал, глютен, тіпті көмірқышқыл газы – барлығы өндірістік айналымда қалады. Семейлік студенттер мемлекеттен айналым қаражатына жеңілдетілген несие беру, жас ғалымдарды осы салаға тарту, ғылыми жобаларды қолдау және шетелдік инвестиция арқылы жаңа зауыттар ашуды ұсынды.

«Азамат» жобасы — пікір мен дәлел тоғысатын алаң. Бұл жолы да студенттер өткір талдау жасап, ұсыныстарын нақты деректермен негіздеді. Қазылар шешіміменжеңіс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне берілді. Айта кетейік, бағдарламаға қазылық еткендер қатарында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің өкілі Назгүл Әлімсұрина, экоблогер Базарбек Қамысбаев және «Qazaq Debate» қозғалысының құрылтайшысы Ерболат Мұхамеджан болды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады