Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2025, 17:32
998
Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) әлеуметтік желіден

Бұл көріністі көрген жұрт тік тұрып шапалақ ұрған екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл тосынсый елордада өткен әнші Досымжан Таңатаровтың шығармашылық кеші барысында көпшіліктің көз алдында табысталды.

Сахна төріне көтеріліп, көрермендер алдында ән салған Нұрғали аға концерт соңында үлкен құрметке ие болды. Концертті ұйымдастырушылар халық әртісінің өміріндегі соңғы уақытта болған ауыр жайтты ескеріп, оған жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Бұл сәт залда отырған жұрттың жүрегін елжіретіп, бүкіл көрермен орындарынан тік тұрып қол соқты.

Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә! – деп жазды журналист Айнұр Омар.

Бұл оқиға көпшілікке ерекше әсер етті. Сахна сыртындағы шынайы ниет пен ел азаматтарының жанашырлығы қазақы болмыстың биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Роза Әлқожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын айтып, елді бейжай қалмауға үндеген болатын.

 Аға ауылдан жер үй алам деп, бар жиған-терген ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп қойған екен. Бірақ ол үй де жоқ, ақша да жоқ болып, қазір пәтер жалдап жүрген көрінеді... – деп жазған еді Роза Әлқожа.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады