Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату»

12.05.2025, 14:30
208
Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Getty Images

Кремльдің шын бейбіт шешімге келуге ниеті жоқ дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Путиннің жұртшылықты алдап жүргенін айтты Германиядағы билік коалициясына кіретін Христиан-демократиялық одағының (ХДО) сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Родерих Кизеветтер.

«Ресей президентінің Украинадағы ұзақмерзімді бітімге келу туралы ұсынысқа жауабы – оның шынайы ниетін көрсететін лакмус қағазы», дейді Родерих Кизеветтер.

Оның айтуынша, Владимир Путиннің Украинамен келіссөздер бастау туралы мәлімдемесі Кремльдің шын бейбіт шешімге келуге ниеті жоқ екенін көрсетеді және бұл жай ғана назарды бұру амалы. Бұл туралы Кизеветтер 11 мамыр күні Reuters агенттігіне айтты.

Депутат: «Ресей соққыларын тоқтатпай тұрып қандай келіссөз туралы айтуға болады? Ұрланған балаларды қайтару ма? Оккупацияланған аумақтағы адамдардың жағдайы ма?» – деп риторикалық сұрақ қойды.

Кизеветтердің пікірінше, Путиннің бейбіт ниеті бар-жоғын анықтайтын басты белгі – Ресейдің 30 күндік толық бітімге келісуі.

Ол: «Путинді сөзімен емес, ісімен бағалау керек», – деп, Ресейдің Киев пен Покровскіге жасаған жаңа шабуылдарын еске салды.

Сонымен қатар, депутат Путиннің сөзі Украина егемендігін, әсіресе халықаралық деңгейде мойындалған шекараларын құрметтеуге еш дайын емес екенін айқын көрсететінін айтты.

Бұған дейін Киевте өткен кездесуде Украина президенті Владимир Зеленский, Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Польша премьері Дональд Туск Ресейге 12 мамырдан бастап құрлықта, аспанда және теңізде кемінде 30 күнге толық, сөзсіз бітім жариялауға шақырған болатын.

Оған жауап ретінде Путин түнде мәлімдеме жасап, Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда ешқандай алдын ала шартсыз тікелей келіссөз өткізуді ұсынды. Ол «қақтығыстың түп-тамырын жою және тарихи тұрғыда ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату» қажет екенін айтты.

Алайда Украина мен төрт еуропалық елдің нақты ұсынысына тікелей жауап бермеді. Бұған дейін Кремль өкілі Дмитрий Песков Ресейдің бітімге келуге дайын екенін, бірақ «кейбір нюанстарды» ескеру керектігін айтқан еді.

Киев болса, тұрақты әрі сенімді бітімсіз ешқандай келіссөз болмайтынын мәлімдеді. Зеленский:

«Кісі өлтіруді бір күнге болса да жалғастырудың мәні жоқ», – деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп екі тараппен де жұмыс істей беретінін айтты, ал Макрон Путиннің ұсынысын «жеткіліксіз» деп бағалап, оны шынайы бейбіт келісімге қол жеткізуден қашып отыр деп айыптады.

«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)