Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2025, 11:06
2055
Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Бейбіт Ыстыбаев 40 жасын Тараз төрінде ерекше атап өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ күресінің жұлдызы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 40 жасқа толып, мерейтойын туған жері — Таразда дүркіретіп атап өтті.

Алаштың арда ұлының айтулы тойына туған-туысы мен жанұясынан бөлек, спорттағы серіктестері, күрес аренасында бірге тер төккен достары және елге танымал спортшылар мен бапкерлер арнайы келіп, ақжарма тілектерін арнады.

Мерейтойлық кеш ұлттық рух пен дәстүрге тұнып тұрды — сахнада айтыскер ақындар жырдан шашу шашып, балуанның ерлігі мен елге сіңірген еңбегін жырға қосты. Кештің сәнін келтірген сәттердің бірі — Бейбітпен 2016 жылғы «Қазақстан Барысы» финалында белдескен балуан Жұманазар Ерсұлтанның арнайы келіп, бұрынғы қарсыласын шын жүректен құттықтауы болды. Ол финал — турнир тарихындағы ең тартысты белдесулердің бірі ретінде есте қалған.

Бейбіт Ыстыбаев — қазақ күресінің айбары. Ол 2012, 2015 және 2016 жылдары «Қазақстан Барысы» атағын үш рет жеңіп алған алғашқы балуан. Бұдан бөлек, 2011 жылы күміс белбеу иегері атанған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады