Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр

Азиз Қалижан Редактор
12.05.2025, 13:53
1586
Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр ТАСС

Қаңтар айында экс-әкім мен әйелін өз немересі өлтіріп, денесін бөлшектеп қоқысқа тастаған. Олардың дене мүшелері әлі толық табылмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдегі Самараның экс-мэрі Виктор Тархов пен оның әйелі Натальяның өліміне қатысты тергеу төрт айдан бері жалғасып келеді. 

Өз ата-әжесін өлтірген күдікпен Екатерина Тархова қамауға алынды. Тергеу барысында оның өз қылмысын жасыру үшін туыстарының мүліктерін сатқандығы анықталды.

Екатерина Тархова өз атасының мұнай компаниясынан дивидендтерді заңсыз алып, ескі иконалар мен жиһаздарды сатумен айналысқан. Бұл әрекеттердің барлығы қаржылық мүдде мен жеке пайда алу үшін жасалған.

Айта кетейік, Самараның экс-мэрінің өлімі туралы хабар 5 ақпан күні белгілі болды. Құқық қорғаушылардың басты күдікті ретінде Виктор Тарховтың туған немересі Екатерина аталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, Екатерина өз ата-әжесін жылжымайтын мүлік үшін өлтірген болуы мүмкін. Бастапқыда марқұмдардың денесін табу мүмкін болмады. Бірнеше ай бойы полиция олардың денелерін Самара облысындағы «Преображенка» қоқыс полигонынан іздеді.

Іздеу жұмыстары наурызда бір-ақ тоқтатылды.

«Наурыз айының соңында полигонда қардың еруінен балшыққа батып қалдық, ал сәуірдің басында шіріп кеткен қоқыстардан өрт шықты», — деп хабарлайды «Волга Ньюс» өз дереккөзіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, бұрынғы қала басшысы мен оның әйелі 2025 жылдың қаңтар айының басында өлтірілген. Алғашқылардың бірі болып Виктор Тарховтың досы дабыл қаққан. Ол соңғы сәтке дейін досының тірі екеніне сенген.

Күдікті Екатерина Тархованың анасы, марқұмдардың жалғыз қызы Людмила осы іс бойынша жәбірленуші деп танылды. Қазіргі уақытта оның өзі колонияда отыр. Себебі ол 2022 жылы 200 миллион рубль көлемінде қомақты пара талап еткендігі үшін сотталған. Людмила Тархова өз ата-анасының өлімін колонияда отырып білген. Ол өз қызының қамауда қалуын қолдап, тергеуді бақылап отыр.

Қазір Екатерина Тархова тергеу абақтысында отыр және оған қосарланған кісі өлтіру айыбы тағылды. Оның алты жасар ұлы балалар үйінде тәрбиеленуде. 

Бұған дейін немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің мәйіті қоқыс полигонынан әлі де табылмай жатқанын жазған едік.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді