Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
12.05.2025, 15:05
2290
Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Көксу өзенінде қайғылы оқиға болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 мамыр күні Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде қайғылы оқиға болды.

Ер адам темір арқанмен өзеннен өтпек болғанда тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлап кеткен. Оны ағыс алып кеткен. Қазірге дейін мәйіті табылған жоқ.

Әлеуметтік желіде тараған видеода:

«Расталмаған ақпаратқа сәйкес, суға батқан адам – Отардан келген әскери қызметкер болуы мүмкін. Ресми мәлімет әзірге жоқ. Бұл жағдайды растай алатын немесе жоққа шығаратын адамдардан жауап күтеміз», – делінген.

Жетісу облыстық полиция департаменті мынадай мәлімдеме жасады:

«Азамат Н-ның жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде. Оған полиция, әскери қызметкерлер, құтқарушылар, өзге де мемлекеттік органдар мен еріктілер жұмылдырылған. Қазіргі таңда іздестіру жалғасып жатыр».

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жоғалған азамат 1989 жылы туған.

11 мамырда таңғы 06:30-дан бастап кең ауқымды іздеу жұмыстары басталған. Оған ТЖД мамандары, орман күзеті, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігі бөлімшелері қатысқан. Барлығы 98 адам мен 22 техника бірлігі жұмылдырылған. Олардың ішінде қайықтар, дрондар және спутниктік байланыс құралдары да бар.

«Іздеу жұмыстары Көксу өзенінің бойымен екі жағалау бойынша сегіз топпен (оң жағалауда 4, сол жағалауда 4) 35 шақырымға дейінгі аумақта жүргізілді. Кешкі 18:30-да қараңғылық түскен соң, жұмыстар уақытша тоқтатылды. Іздеу 12 мамыр күні жалғасады», – делінген хабарламада.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады