«Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2025, 16:28
876
«Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді ТАСС/Владимир Гердо

Қарағанды облысында экс-әкім 23 жастағы қызды зорлаған болуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында ауылдың бұрынғы әкімі 23 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне облыстық полиция департаменті растады.

Бұған дейін БАҚ-та ауыл әкімінің зорлық ісіне қатысты тергеліп жатқаны жөнінде хабар тараған болатын. Полицияның мәліметінше, Шет ауданында тұратын 23 жастағы қыз өзі арыз жазған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Сол күні-ақ күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін соттың санкциясымен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда прокуратураның жеке шағымынан кейін бұл шешім өзгеріп, күдікті қайтадан қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлады полиция өкілдері.

Осылайша, тергеу басталғалы шенеунік уақытша изоляторда болып, кейін үйқамаққа шыққан, кейін қайта тергеу изоляторына қамалған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр.

Ал Шет ауданының әкімдігі бұл оқиғаға қатысты өз мәлімдемесін жасады:

— Қылмыстық іс қозғалған сәтте ол әкім қызметін атқармаған. Бұл — жеке сипаттағы іс, — делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, Telegram-дағы «Патриот» арнасында қыздың отбасы ұсынған мәліметтер жарияланды. Қарағандылық ерлі-зайыптылардың айтуынша, күдікті — олардың отбасылық досы болған, ал қыздары әкімдікте жұмыс істеген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды