1467

«Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы

Тележүргізуші Дана Нұржігіт ұлының әкесі туралы еске алды.

«Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы
жеке мұрағаттан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі тележүргізуші, қоғам белсендісі Дана Нұржігіт аналық сезім туралы әсерлі жазбасымен бөлісіп, өміріндегі ең маңызды миссия – ана атану жолының оңай болмағанын айтты.

— Ана болуға дейінгі жолым ұзақ әрі күрделі болды. Өмірде ештеңе оңай келген емес, ал ана болу – мен үшін нағыз эпопеяға айналды. Қиындықтан сүрініп құлап, қайта тұрып, тәуекелге барып, үміттеніп, сену – менің осы жолымның айнасы. Қазір артқа көз тастасам, өзіме де, жалғыз ұлымның әкесі Владимирге де таңғаламын. Мен – анамын! Бұл өмірге көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Енді мен Алланың әр бергеніне шүкір етем, өмірді жаңа қырынан таныдым. Ұлымның көзімен әлемге қарауды үйрендім, — деп жазды тележүргізуші.

Нұржігіт ана болудың қадірі мен қасиетін де ерекше атап өтті.

— Ана болу – үлкен мәртебе. Ішіңде жаңа өмірді тоғыз ай көтеру, өз сүтіңмен асырау, түн ұйқыңды төрт бөлу – осының бәрі үлкен жауапкершілік пен махаббаттың көрінісі. Ең бастысы – шексіз сенім: бәрі жақсы болады деп сену! – дейді ол.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт бұған дейін ұлы жайлы жазбасында өте жылы пікірлер айтып, ана болу оның өміріндегі ең үлкен бақыты екенін бірнеше рет атап өткен.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор