«Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады

Аиса Махамбет Редактор
09.06.2025, 18:31
1421
«Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады жеке парақшасынан

Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі «Сатыбалды әулетін ортаға салып, отбасылық бизнесімізді Тұрсен тартып алды» деп мәлімдеме жасаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер және тележобалар авторы Баян Мақсатқызы соңғы уақытта күйеуі Тұрсен Алагөзовке қатысты айтылған айыптауларға жауап берді. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, күйеуі мен отбасын қаралап, жала жауып жүргендерге ескерту жасады.

Еске сала кетейік, кәсіпкердің бұрынғы жұбайы Ляйсира Маратқызы бұған дейін мәлімдеме жасап, Тұрсен Алагөзов “Сатыбалдыларды пайдаланып, отбасылық бизнесімізді тартып алды” деп айыптаған болатын.

Алайда Баян Мақсатқызы бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, жала жауып жүргендерге жауап қатты:

“Негатив жазғандарды оқығым да, естігім де келмейді. Отбасыма, күйеуіме, қыздарыма қатысты негатив болса, үнсіз қала алмаймын. Хэйтерлер, сендерге айтарым, сендерге мың алғыс! Сендер негатив дүние айтқан сайын, жазған сайын біздегі жаман энергия азайып, кәдімгідей жеңілдеп қалдық. Сендердің өтіріктерің, жалаларың, жанталасып бізді жамандап жатқандарың өздеріңе қара энергия болып, өздеріңе барып жабысады. Сендер бізге күйе жаққан сайын, біздің жолымыз ашылып, әр қадамымыз сәттілікке толып жатыр”, – деп жазды продюсер ашу мен өкпесін жасыра алмай.

Сонымен қатар, ол қажет болған жағдайда қолында бар құжаттар мен нақты дәлелдерді ашық түрде жариялауға дайын екенін айтты:

“Күйеуім Тұрсенге, бізге қатысты айтқан өтіріктерің ашылып, масқара боласыңдар. Сөйлесем, менде де тіл бар. Тілім ащы. Егер тынышталмасаңдар, қолымда бар бүкіл құжат-дәлелдерді жариялаймын. Кім кімге, қашан, не деп барғаны, не істегені, не сұрағаны туралы тірі куәгер ретінде айтып бере аламын. Сондықтан ашықтан-ашық өтірік айтуды қояйық”, – деп ескертті ол.

Желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінген. Бірі продюсерді қолдаса, енді бірі оны асыра сілтеп отыр деп бағалауда. Ал Баян Мақсатқызы болса, отбасының абыройын қорғау үшін аянып қалмайтынын ашық білдіріп отыр.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады