158

Денсаулығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев үйінде дауыс берді

Бірінші Президент Құрылтай депутаттарын сайлауда азаматтық таңдауын үй жағдайында жасады.

Денсаулығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев үйінде дауыс берді
nazarbayev.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бармай, үйінде дауыс берген. Тұңғыш Президенттің ресми сайтының мәліметінше, бұған жақында омыртқасына жасалған операциядан кейінгі оңалу кезеңі себеп болған.

Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев заңнамада қарастырылған үйде дауыс беру мүмкіндігін пайдаланып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай сайлауы өтті деп танылғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың 55,32 пайызы дауыс берген.

Материал авторы