Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті

26.06.2025, 11:17
724
Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті gov.kz

Әкімнің орынбасары лауазымына тағайындалған Берденов партиядан кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Respublica партиясының тең төрағасы болған Руслан Берденов енді бұл қызметті атқармайды. Бұл ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады деп жеткізді Kazinform халықаралық агенттігі.

Айта кетейік, 2024 жылғы 24 ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Сол себепті оның Мәжілістегі депутаттық мандаты тоқтатылған болатын.

Берденовтың саяси мансабында биыл ауыр оқиға орын алды: 21 сәуір күні оған қастандық жасалып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер жедел түрде ота жасап, өмірін сақтап қалды.

Сондай-ақ кеше осы қастандыққа байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды.

Руслан Берденовтің Respublica партиясынан кету себебі ресми түрде нақты көрсетілмеген.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды