SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев тағы да желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады.
Әншінің арнайы күзетшілердің қоршауында жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды.
«Кімнен қашып бара жатыр?», «Ешкім қуып бара жатқан жоқ қой», «Тыңдарманын сыйлауды Димаштан үйренсін», «Әлемдік жұлдыздардың өзі бұлай істемейді», «Джей Ло да мұндай болған жоқ», «Жұлдыз ауруы ма?», – деп жазды желідегілер.
Бұл оқиға Kalifarniya-ның соңғы уақыттағы жалғыз «ұятты» сәті емес. Бұған дейін Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беру құрметіне арналған гала-концертте ол сахнада музыка ырғағына ілесе алмай, сынға қалған еді.
«Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын», «Даусы шықпай қалды», «Екі нотаның арасында адасты», «Димаш сияқты дайындық жасап шығуы керек», – деп пікір білдірді көрермендер.
Желіде кейбірі әншінің артық салмағын да сөз етіп, оның дауыс диапазонына әсер еткенін айтып өтті.
RUS