414

Құлсарыда оқушының балтамен шабуылынан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

Оқушы сыныптастарын балтамен артынан қуып, денелерін жарақаттаған.

Құлсарыда оқушының балтамен шабуылынан кейін мектеп директоры қызметінен кетті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құлсары қаласындағы №6 А.С.Пушкин атындағы мектеп директоры оқушының шабуылына байланысты болған оқиғадан кейін қызметінен кетті.

Атырау облысы білім басқармасының мәліметінше, мектеп директоры жұмыстан өз еркімен босатылған. 5 ақпанда оған қатаң сөгіс жарияланып, 6 ақпанда жұмыстан шығу туралы өтініші қанағаттандырылған.

Тексеруге түрткі болған оқиға Құлсары қаласындағы осы мектептің ғимаратында тіркелген. 15 жастағы оқушы сыныптастарымен жанжалдан кейін қатарласына шабуыл жасаған.

Оқиға салдарынан екі жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаменті растады.

Полицияға хабарлама «102» арнасына 5 ақпанда түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 10-сынып оқушысы құрбыларымен жанжалдан соң шабуыл жасап, мектеп аумағынан шығып кеткен.

Күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.

Аталған дерек бойынша «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Материал авторы