671

АҚШ-та тағы бір ірі банк банкротқа ұшырады

Кейінгі 2 ай ішінде АҚШ-та үшінші банк банкротқа ұшырады.

АҚШ-та тағы бір ірі банк банкротқа ұшырады
wsj.com

Калифорния штатының билігі First Republic банкін жауып, оның акивтерін депозиттерге кепілдік беру жөніндегі Федералды корпорацияның кеңсесіне өткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Енді First Republic-тің барлық депозиті мен активтері АҚШ-тың ең ірі банкі санаталатын JPMorgan-ға беріледі. Айта кетейік, банкрот болған банктің акциялары өткен аптада 75%-ға дейін құлдыраған еді. Мәлім болғандай, оған First Republic-тің «Силикон алқабындағы» ірі ипотекалық несиелері мен ауқатты адамдарға кредит берудің бірегей стратегиясы себеп болған.

JPMorgan банкі First Republic-тің 173 млрд доллар несие, 30 млрд доллар бағалы қағаз және 92 млрд долларға бағаланған депозиттерін иелену үшін тендер ұтып алды.

8 штаттағы First Republic банкінің 84 кеңсесі 1 мамырдан бастап JPMorgan бөлімшелері ретінде ашылды. Осылайша, банкрот болған банктің барлық салымшылары JPMorgan салымшылары атанды.

Жалпы, 2022 жылдың соңында First Republic АҚШ-тағы ең ірі 14-ші банк саналған, онда 7,8 мыңнан астам адам жұмыс істеген.