Ақтөбе облысында әкім қаза тапты

Азиз Қалижан Редактор
06.05.2026, 14:47
818
Ақтөбе облысында әкім қаза тапты temirnews.kz

Полиция 1983 жылы туған әкімнің өліміне байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов қайтыс болды. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1983 жылы туған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні қызметінен босату туралы арыз жазған. Ал 5 мамырда оның өтініші қанағаттандырылып, жұмыстан босатылған.

Марқұм 2014 жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен. 2023 жылдың мамыр айында Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалса, сол жылдың 15 қазанынан бастап округ әкімі қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Темір ауданында әкімнің қазасына қатысты жағдай тіркелген болатын. Сонымен қатар Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінің әкіміне қатысты да осындай оқиға қоғам назарын аударған еді. 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады