Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды

22.05.2023, 10:07
591
Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды total.kz

Қаржы пирамидасы ретінде қызмет көрсетеді деген күдікке ілініп, сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржылық мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Енді өз қаражатын инвестициялауды жоспарлаған қазақстандықтар компанияның сенімділігін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде де тексере алады.

«Айта кету керек, агенттік биылғы жыл басынан 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартты», - делінген Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінде.

Еске салайық, инвестиция салмас бұрын компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын ҚМА Telegram-ботынан білуге болады. Жыл басынан қызметке 3511 өтініш түскен.

«Азаматтарды қырағы болуға және ақша қаражатын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына (1458) хабарласа алады», - деді агенттіктен.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады