Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие берудің жаңа тәсілдері енгізіледі

23.05.2023, 12:18
509
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие берудің жаңа тәсілдері енгізіледі smartnews.kz

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие берудің жаңа тәсілдері енгізіледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2022 жылдар аралығында АӨК субъектілерін субсидиялауға шамамен 1,7 трлн теңге (2018 жылы – 226 млрд теңге; 2019 жылы – 323,2 млрд теңге; 2020 жылы – 362,6 млрд теңге; 2021 жылы – 371,5 млрд теңге; 2022 жылы – 450 млрд теңге) бөлді. Сонымен қатар, АӨК субъектілеріне несие беруде жаңа тәсілдерді енгізу бойынша іс-шаралар қабылдануда», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Мәселен, оның дерегінше, «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны кеңінен тарату бойынша жұмыс басталды. Оған сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын, ең жоғары мерзімі 7 жылға дейінгі шағын несие беру көзделеді. Пилоттық жобаны кеңінен тарату үшін осы жылға 17 мыңнан астам шағын несие беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлінді.

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК саласындағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қарыз беру шарттары барынша жеңілдетілген. биылдың өзінде бұл мақсаттарға 100 млрд теңге бөлінді. Соның есебінен 65-ке жуық сүт-тауар фермаларының құрылысы қаржыландырылатын болады. Бұл ретте, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде елдер қабылдаған қолданыстағы міндеттемелер аясында 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құнынан ішкі қолдау деңгейі Беларусь Республикасында 10% міндеттеме кезінде 2,5%, Қазақстан Республикасында 8,5% міндеттеме кезінде 4,8%, Қырғыз Республикасында 5% міндеттеме кезінде 0,13% және Ресей Федерациясында 5% міндеттеме кезінде 2,88% құрайтынын атап өту қажет. Осылайша, АӨК субъектілеріне мемлекет көрсететін қолдау деңгейі басқа елдер көрсететін қолдаудың ұқсас деңгейімен байланысты екенін атап өтеміз», - деді Әлихан Смайылов.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді