Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.04.2025, 15:35
763
Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты жеке мұрағатынан

Неге олай жасады деп біразға дейін сөйлемей жүрдім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі бұл туралы журналист Әйкерім Сейфолламен сұхбат кезіне әңгімелеп берді.

Оның сөзінше, туған қызын басқа ұлтқа беру басында қиынға соғып, бірден ақ батасын бермегенін тілге тиек етті. 

Маған басында өте қиындау болды. «Қалай» деп біразға дейін сөйлемей жүрдім. «Неге олай жасады? Өзіміздің де қазақ балалары толып жатыр ғой» деп ойланып жүрдім. Содан кейін жолдасым маған «ертең қызың бұл жігітке тұрмысқа шықпаса, кейін өмір бойы өзіңе ренжіп кетуің мүмкін. Сен толық түсін. Махаббат ол ұлтында емес, махаббат екеуінің бір-бірінде» деді. Ол кезде анам тірі, анама айттым. Анам басында үндемей сосын «Балам, ең бірінші балаңның бақытты болғаны. Сенің балаң бақытты болса, жүрегің тыныш» деді. Содан кейін қызыма «жарайды» деп ақ батамды бердім, - деді Гүлмира Жакилина.

Сондай-ақ ол күйеу баласының ислам дінін қабылдағанын жеткізді. 

«Күйеу балам мұсылмандықты қабылдады, қазір «мама» дейді. «Балам» деймін, қазір қазақша үйреніп жүр. Олар қазір Литвада тұрады. Екеуі сол жақта жұмыс жасайды. Телефонмен сөйлескенде «мама, сәлеметсіз бе! Папа, Ассалаумағалейкум» деп амандасады. «Неге бауыр, неге бауырсақ» деп бәрін сұрайды. Құран кітабын алдырып, соны оқиды. Жазда бардық. Қызымның «мама» деп бақытты болып жүргенін көрдік. Елтайға (*күйеуі) «осыдан артық не керек» деймін. Құдағимен өте жақсымын, екеуміз құрбымыз. Құдалыққа келген кезде бәрі маған ұқсайтынын айтты. Көңілді, жадырап жүретін кісі», - деді ол. 

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)