«Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған

Аиса Махамбет Редактор
17.04.2025, 16:14
661
«Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған жеке мұрағатынан

Желіде блогер Daricorn-ның жарнамасына түскен ұлдың анасы халыққа үндеу жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Дарикорн жарнама жасаймын деп басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жеке бизнесін жарнамалап, көшеде балалармен сұхбаттасқан. 

“2024 жылдың тамызында миллионер блогер Дарикорн өзінің Qatty Tatty кафелер желісін жарнамалау үшін менің рұқсатымсыз ұлымды бейнекамераға түсірген. Ол видео 2 миллион 500 мыңға жуық қаралым жинаған. Блогер ұлымнан сүйікті тамағының қандай екенін сұрайды. Сол сәтте ұлымның “Пицца” деген сөзінің үстіне “Пися” деп субтитрмен жазып қойған. Мен ол видеоны қазан айында көрдім. Мекеме басшылығына хабарласып, баламның қорланғанын айттым. Бірақ олар ештеңе істегілері келмеді. Видеоны да өшірмеді. Бір әріп үшін балам достарымен араласудан қалды. Ұлым осы видеодан кейін буллиңке ұшырады. Футбол үйірмесіне де бармайтынды шығарды. Қатарластары да сол видеоны айтып, мазақ етеді екен”, – деп бастады әңгімесін жәбірленушінің анасы. 

Одан кейін жәбірленуші тарап блогердің командасынан өтемақы талап етіп, арыз жазған. Өйткені жарнамаға түскен баланың ата-анасынан рұқсат алмаған. 

“ҚР Заңында балаларды ата-анасының рұқсатынсыз фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауға тыйым салынады. Бейнероликте ұлымды масқаралап тұрғаны анық көрінеді. Одан кейін менің рұқсатымсыз баламды белгісіз өнімдермен тамақтандырғанына да ашуланып отырмын. Менің ұлым аллергиялық реакцияларға бейім, бұл аллергиялық шокқа әкелуі мүмкін. Біз толыққанды отбасымыз. Қазір ұлымызға жан-жақтан қолдау білдіріп отырмыз. Күн сайын неше түрлі қайғылы оқиғаларды естіп жатамыз. Бірінші инстанция сотының шешімімен блогердің ашқан кафесі ұлыма 500 теңге моральдық шығынды және сот шығындарымды өтеуге міндеттелді. Одан кейін көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті. Бірақ олар аппеляциялық шағым түсірген. Олар кешірім сұраумен, келтірілген шығын көлемімен немесе заңгерлік қызмет үшін төленетін төлеммен келіспейді”, – деп алаңдайды анасы. 

Ал блогер жеке парақшасында осы мәселеге бағытталған жазба қалдырды. 

“Адвокатым көрінген адаммен соттасып, біраз байып қалды”, – деп жазды Дарикорн. 

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)