Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді

17.04.2025, 10:25
359
Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді freepik.com

Баласы үшін анасы жазаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңаөзенде баласының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді. Оның 15 жасар ұлы түн ортасында көлік құралын басқарған.

Істі Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Онда әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен айып тағылды. (Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау).

Белгілі болғандай, оның кәмелетке толмаған 13.06.2009 жылы туған ұлы 06.04.2025 жылы түнгі сағат 03.00 шамасында Жаңаөзен қаласы, Жұлдыз шағын ауданында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған.

Осылайша, ана тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс әрекетке жол берген.

Әйел сотта берген түсініктемесінде кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісті.

Соттың қаулысымен әйел ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды