Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді
Ол жаңа хитін желідегілер қызу талқылап жатқанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтар оның "История одного неба" атты жаңа хитін қызу талқылап жатқанын айтты.
Бұл туралы ол 15 сәуірде Instagram парақшасында жазды.
"Барлығына сәлем. Бүгін әлеуметтік желілерде менің жерлестерім "История одного неба" атты шығармамды қызу талқылап жатқанын білдім. Мынадай сөз бар – егер сен жайлы әзілдесе, бұл сенің бар екендігіңді және оларға қызықты екеніңді білдіреді.
Құрметті жерлестер, шығармашылық әзілдер мен назарларыңыз үшін рахмет – тіпті бұл күтпеген формада болса да. Ал, менің әлемдегі қымбатты жанкүйерлерім сіздерге мені қорғағандарыңыз үшін рахмет айтамын. 26 мамырда Алматыда D&Dears-те кездескенше",- деп жазды ол.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор