«Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды

17.04.2025, 11:22
918
«Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды бейнежазбадан алынған кадр

Прокурор Шерзаттың денесіндегі жарақаттарды біртіндеп атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты басты сот отырысы өтіп жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы сот отырысы барысында кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өлімі 2024 жылдың 4 қазанында сағат 01:30–да Талғар орталық аудандық ауруханасының стационарында расталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ прокурор жасөспірімнің сол күні болған жанжал барысында қандай жарақат алғанын және қандай себептен қайтыс болғанын атады.

— Кәмелетке толмаған Болаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғары бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтағы кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген жарақат нәтижесінде ауыр қан жоғалтудан болды. Өлімі 2024 жылдың 4 қазанында сағат 01:30–да Талғар орталық аудандық ауруханасы стационарында расталған.

Мәйітті зерттеу кезінде келесі дене жарақаттары анықталды: ішкі және сыртқы қан кетуді тудырған сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің зақымдануы. Бұл дене жарақаты стационарға келгенге дейін шаншу-кесуге арналған заттың әсерінен туындаған. Сыртқы дене жарақаттары: сол жақ желке аймағында бастың шашты бөлігінің терісінің көгеруі, оң көздің ішкі бұрышында, оң көздің қабағында, оң қолдың артқы бетінде, оң қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтары, сол жақта мұрын, ерін аймақтарында, оң білектің бір бөлігінде сызаттар, — деді прокурор.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды