Әлемде миллионерлер саны айтарлықтай азайды

03.06.2023, 09:34
514
Әлемде миллионерлер саны айтарлықтай азайды smartnews.kz

Өткен жылы бүкіл әлем бойынша миллионерлер саны азайды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты DWагенттігіне сілтеме жасап.

2022 жылы мүлікті есепке алмағанда дәулеті миллион доллардан асатын шамамен 21,7 млн адам тіркелген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз, деп хабарлады Capgemini француз консалтинг фирмасы.

Жер бетіндегі ең бай адамдардың жиынтық мүлкі 3,6 пайызға азайып, 83 трлн долларды құраған.

«Бұл он жылда макроэкономикалық және геосаяси белгісіздіктен туындаған ең үлкен қысқару», - деп атап өтті Capgemini.

Компанияның қаржы сарапшылары 71 елдегі мүліктік жағдайды талдады.

Компанияның мәліметінше, мүліктің ең көп саны – 7,4 пайыз Солтүстік Америкада қысқарған.

Еуропада минус 3,2 деңгейінде, ал Азия мен Тынық мұхиты аймағында 2,7 пайыз деңгейінде тіркелді. Сонымен бірге Африка, Латын Америкасы және Таяу Шығыста мүлік керісінше өсті.

Бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аясында мұнай мен газ бағасының өсуі жол салды.

Capgemini қаржылық зерттеулер бөлімінің басшысы Элиас Ганем миллионерлердің азаюы мен акционерлік биржалардағы жағдай арасында тікелей байланыс бар деп санайды.

Өткен жылы американдық NASDAQ индексі 33 пайызды, француздық CAC 40 - 9,5 пайызды, ал неміс DAX - 12 пайызды жоғалтты.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды