Назарбаев Университеті NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламалар қатарына енді

21.07.2023, 14:15
724
Назарбаев Университеті NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламалар қатарына енді

Еліміздегі беделді оқу орны Назарбаев университеті магистрлік бағдарламалары беделді NASPAA аккредитациясын алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламалары бар АҚШ-тан тыс әлемдік 13 оқу орнының бірі ретінде Назарбаев университеті танылады.

NASPAA – мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің халықаралық қауымдастығы. Сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық басқарудағы магистрлік бағдарламаларды аккредиттеу саласындағы ең көне бірлестіктердің бірі. Бұл мемлекеттік басқару саласындағы жалпы танылған білім стандарты. Енді осы стандартқа Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) Мемлекеттік саясат магистрі (MPP) және Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламалары ие болып отыр.

Осы арқылы NU GSPP-дің Қазақстан мен аймақтағы мемлекеттік саясат, сондай-ақ басқару саласындағы білім берудегі көшбасшы ретіндегі ұстанымын айқындамақ.

NASPAA аккредитациясы NU GSPP магистранттарына бірқатар артықшылықтар бермек. Мәселен, халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуға кепілдік береді. Одан бөлек, NU GSPP түлектерінің талдау, синтез, сыни ойлау, мәселелерді шешу, дәлелді шешім қабылдау, тиімді коммуникация мен қоғам мүддесі үшін қажетті дағдыларға, зор білімге ие болуын қамтамасыз етеді.

Аккредитация иеленіп отырған NU GSPP бағдарламасы негізгі стратегиялық серіктес саналатын Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп әзірленген. Сингапурға тәжірибелік білім беру сапарын қамтитын оқу бағдарлама магистранттарды табысты мансапқа дайындап, қоғамдағы өзгерістерге тиімді әсер етеді.

«Біз NASPAA және EAPAA-дан толық аккредитациясын алған екі магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі жалғыз оқу орны болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл ерекшелік біздің бағдарламаларымыздың жоғары сапасы мен қатаңдығын көрсетеді. NASPAA аккредитациясының арқасында біз Қазақстаннан және басқа елдерден мемлекеттік қызметкерлерің тартамыз деп үміттенеміз», – дейді Мектеп деканы Венг Тат Хуэй мырза.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистр бағдарламалары EAPAA - Мемлекеттік басқару бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастығының толық аккредитациясын алған болатын.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады