Қырғызстан президенті Ресейге орыс тіліне қатысты жауап қайтарды

24.07.2023, 17:12
1008
Қырғызстан президенті Ресейге орыс тіліне қатысты жауап қайтарды Ашық дерек көздерінен

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Ресей Cыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне жауап берді.

РФ Cыртқы істер министрі мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңды сынап, бұл құжаттың «демократияға қайшы» екенін айтқан болатын.

Қырғыз Республикасының басшысы «Кабар» мемлекеттік агенттігіне берген сұхбатында орыс тілінің мәртебесі ресми тіл ретінде сақталып қалатынын, ол заң бойынша Конституцияда бекітілгенін айтты.

Енді қырғыз тіліне келсек, бізге ана тіліміз ауадай қажет. Сонымен бірге орыс тілі де керек. Қараңызшы, біз ТМД елдеріне барсақ, орысша сөйлесеміз. Қытайға, Араб елдеріне, тіпті Еуропа елдеріне барсақ та орысша сөйлейміз ғой. Біз, түсінесіз бе, өз тілімізді дамытқымыз келеді. Оның не жамандығы бар?! Біздің мемлекеттік қызметкерлерді, депутаттарды қараңызшы. Жартылай қырғызша, жартылай орысша араластырып сөйлейді. Ешқайсымыз не орыс тілін, не қырғыз тілін толық меңгермегенбіз. Сондықтан біз әдейі екі тілді қатар дамытқымыз келеді. Егер керек болса, ағылшын, француз, қытай тілін үйренейік. Адам көп тіл білсе, жақсы емес пе?! –  деді ол.

Қырғызстан басшысы орыс тілі дәрігерлер мен мұғалімдерге міндеттелмейтінін де айтты. Оның айтуынша, олар – мемлекеттік қызметкер емес.

Еске сала кетсек, 18 шілдеде Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойған еді. Қырғызстан Парламентінің депутаттары биыл мамыр айында мақұлдаған заң бойынша, бұдан былай мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелерде қырғыз тілін қолдану міндетті саналады. Барлық мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды