Қарағанды университеті ғылыми технопарк салып жатыр

25.07.2023, 09:30
607
Қарағанды университеті ғылыми технопарк салып жатыр Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аумағында ғылыми технопарк салынып жатыр. Жаңа ғимаратта іргелі, қолданбалы және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді іске асыру үшін заманауи зертханалар мен зерттеу орталықтары ашылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Технопарк базасында студенттер, магистранттар және PhD докторанттар заманауи жабдықтарды қолдана отырып білім алады, сондай-ақ дипломдық жұмыстары мен жобаларына зерттеу практикасын жүргізеді.

photo

«Біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар контингенті жыл сайын артып келеді. Төрт мыңнан астам адам жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарда оқиды. Университет заманауи оқу-зерттеу зертханаларына деген қажеттілікті сезінуде. Коммерциялық емес акционерлік қоғамына ауысуына байланысты университет технопарктер ашу құқығын алды. Бұл ғылыми жобаларды коммерцияландыру үшін қажетті шарт. Технопарктің ашылуы ғалымдардың қолданбалы жобаларын іске асыру үшін алаң құруға мүмкіндік береді», – дейді Е. Бөкетов атындағы ҚарУ әкімшілік-шаруашылық қызметі жөніндегі проректоры Асылбек Молдабаев.

photo

Құрылыс университеттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 485 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Екі қабатты кең ғимараттың бірінші қабатында тәжірибелік-эксперименттік база орналасатын болады.

Инженерлік профиль зертханасы судың, топырақтың және мұнай өнімдерінің физика-химиялық сынамаларына арналған. Ал иондық-плазмалық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығында күн батареяларын, жарықдиодты шамдарды, әртүрлі морфологиялық өлшеу датчиктерін және материал құрылымын дайындау жүргізіледі.

Техникалық, санитарлық және әкімшілік үй-жайлардан басқа, ғимаратта конференц-зал, стартап-жобаларға арналған кеңселер және робототехника зертханасы орналасады.

Құрылысты 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді